Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 8 шілдеден бастап тағы бірқатар пойыз қозғалысы уақытша тоқтатылады

8 шілдеден бастап тағы бірқатар пойыз қозғалысы уақытша тоқтатылады

Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында кейбір жолаушылар пойыздарының жол жүруі уақытша тоқтатылады.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік комиссиясының шешіміне, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хаты негізінде 2020 жылдың 8 шілдесінен бастап күші жойылғанға дейін Атырау станциясы бойынша жолаушылар пойыздары мен тікелей қатынайтын вагондардың келуі мен жөнелтілуі уақытша тоқтатылады:
– № 41/42 «Атырау-Алматы-1» Атыраудан жөнелтілетін 09/07-20, Алматыдан-1 келетін/жөнелтілетін 11/07-20, Атырауға келетін 13/07-20;
– № 313/314 «Атырау-Маңғыстау» Атыраудан жөнелтілетін 08/07-20, Маңғыстаудан келетін/жөнелтілетін 09/07-20, Атырау қаласынан жөнелтілетін 10/07-20;
– № 692/691 «Ақтөбе-Атырау» пойызы Ақтөбе қаласынан жөнелтілетін 07/07-20, Атыраудан келетін/жөнелтілетін 08/07-20, Ақтөбеге келетін 09/07-20;
– 05/07-20 бастап Алматыдан жөнелтілетін, 08/07-20 бастап Құлсарыға келетін/жөнелтілетін, 11/07-20 бастап Алматыға келетін №77/78 «Алматы-2 – Маңғыстау» және №313/314 «Атырау-Маңғыстау» жолаушылар пойыздарының құрамында тікелей қатынайтын «Алматы-2-Құлсары» вагондары.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған пойыздарға бұрын жол жүру құжаттарын (билеттерін) ресімдеген жолаушылар жол жүру құжаттарын қайтаруды ресімдей алады және ақшалай қаражатты ұстап қалусыз толық көлемде ала алады.
«Билеттер үшін төлемдерді қайтару билетті қайтару тәртібі мен сатып алу тәсіліне байланысты қолма-қол және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жүргізіледі. Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша барлық анықтамалық ақпаратты «105» нөмірі бойынша білуге болады», – делінген хабарламада.
24.kz​​​
07 шілде 2020 ж. 614 0