Көпбалалы аналардың пойыз билетін арзанға алуына жеңілдік беретін карта жасалады

«Өткен жылы жолаушы вагондары паркін жаңарту және билет жетіспеушілігін жою мақсатында Маңғыстау-Алматы, Нұр-Сұлтан-Атырау, Нұр-Сұлтан-Сарыағаш, Алматы-Атырау, Маңғыстау-Алматы және Нұр-Сұлтан-Сарыағаш бағыттарына 109 вагон сатып алынды», - дейді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев.
Ол 2019 жылы жолаушылар құжаттары толық электронды жүйеге көшкенін атап өтті.
«Мүмкіндігі шектеулі жандарға 50% жеңілдігі бар тарифтер ұсынылды. Болашақта бұл бағыттағы жұмыс жалғасын тауып, көпбалалы аналарға арналған жеңілдік картасы жасалады», - дейді ол.
Ол «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында вагондар паркін жаңарту жұмысы жалғасын табатынын айтты.
«2025 жылға дейін 600 жолаушы вагонын алу жоспарланған», - дейді вице-министр.