5 қазан күні Қазақстанда жанбыр, қар болжанады

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертен тұман күтіледі. Ақмола облысында көктайғақ болады.
Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады. жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің екпіні 23-28 м/с жетеді.
Жамбыл облысында тұман болады. Күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады.
Күндіз Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Түнде және таңертен Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болжанады.
Сондай-ақ Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде түнде 1-3 градус үсік күтіледі.
Бұдан бөлек, Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл облысының кей жерлерінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.