Сарымсақтың қандай пайдасы бар?
Сарымсақтың пайдасы жайлы көбіміз естігенбіз. Тұмау індеті жайлаған уақытта ең алдымен сарымсақты еске алатынымыз сондықтан болар. Себебі сарымсақ вирусқа қарсы қасиеттерге ие. Ал оның құрамындағы, емдік заттар, фитонцидтер организмге індетке қарсы тұруға көмектеседі. Бұл ретте, сарымсақ бөліктерін ұсақтағанда пайда болатын ерекше қосылыстар, аллициннің маңызы зор. Ол ауру қоздырғыштарын жойып қана қоймай, жүрек-қан тамырлар жүйесіне оң ықпал етіп, асқазан-ішек жолдарының қызметін қалпына келтіріп, иммунитетті жақсартады.Сонымен қатар сарымсақ – дәрумендер мен минералдар көзі. В тобы дәрумендері шаштардың қалыңдығы, терінің әдемілігі үшін қажет. Бета-каротин көз көруін сақтауға көмектессе, цинк организмнің ұрпақ өрбіту қызметін жақсартады.
Ал сарымсақ салдарынан аузыңыздан жағымсыз иіс шықпасын десеңіз, оның дәмі айтарлықтай сезілмейтін тағам түрлерін әзірлеңіз.
Сарымсақ қосылған зімбір шайы
Бұл сусын – Азия елдерінде танымал. Ол артық салмақтан арылуға көмектеседі.
Құрамы: зімбір тамыры – шамамен 4 см болатын тілімі, сарымсақ – 2 тісше, су.
Дайындалуы: зімбір мен сарымсақты ұсақтап тураймыз. Оған 2 л ыстық су құйып, 1 сағат көлемінде су буында немесе термоста демдейміз. Артынша сүзіп алып, күні бойы аздаған мөлшерде бірнеше рет ішеміз.
Балмен маринадталған сарымсақ
Бұл жылдам дайын болатын рецепт. Сарымсақты бір тәуліктен кейін жеуге болады. Бірақ оны тек тоңазытқышта сақтау қажет. Өте ащы дәмін сезбейсіз де.
Құрамы: сарымсақ – 4-5 бас.
Маринады үшін: майлылығы 20%-дық қаймақ – 150 г, бал – 2 ас қасық, лимон шырыны – 2 ас қасық, кез-келген дәмтатымдық шөптер – 1 шай қасық, тұз – ½ шай қасық.
Дайындалуы: сарымсақты бөліктерге бөліп, тазалаймыз. Маринадқа арналған заттарды кәстрөлге салып, араластырамыз. Қоспаны қайнатып, сарымсақ қосып, 2-3 минут отта ұстаймыз. Мұнан кейін құтыға салып, суытамыз. Қоспаны тоңазытқышта сақтаймыз.
Сіз білесіз бе?
Сарымсақтың пайдалы қасиеттері – адамзат баласына бағзы замандардан белгілі. Мысалы, Қытайда сарымсақ дегенді білдіретін иероглиф ең көне таңбалардың бірі болып табылады. Ал әлемге әйгілі мысырлық пирамидалардың салынып жатқан уақытында, көптеген құрылысшылар арасында індет тарамас үшін дәл сармысақтың өзін қолданған. Бұл көкөністен Гомер қаһармандары да жиіркенбеген: жараланбайтын Ахилл, тапқыр Одиссейден сарымсақтың иісі аңқып жүретін болған.
stan.kz