Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Берік Уәли: Қырғызстанда болып жатқан оқиғалар – сол елдің ішкі мәселесі

Берік Уәли: Қырғызстанда болып жатқан оқиғалар – сол елдің ішкі мәселесі

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли «Facebook» парақшасында көршілес Қырғызстанда болып жатқан жағдайға байланысты пікір білдірді.
«Қырғызстанда болып жатқан оқиғалар – сол елдің ішкі мәселесі. Қазақстанда бауырлас Қырғызстанмен өзара дәстүрлі достық қатынастарды және стратегиялық серіктестікті нығайту аса маңызды деп санайды. Сонымен қатар көршілес елдегі ахуалды тұрақтандыру ісі Қырғызстанның Конституциясы мен заңдарына сәйкес жүзеге асырылады деп үміттенеді. Қырғыз халқы өз мемлекетінің ұзақ мерзімді мүддесі үшін күрделі жағдайдан шығудың тиімді жолын табады»,-деп жазды Берік Уәли.


06 қазан 2020 ж. 635 0