Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қырғызстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты

Қырғызстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты

ҚазАқпарат - Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа қазіргідей күрделі кезеңде қолдау көрсетіп, гуманитарлық көмек бергені үшін алғыс айтып, жеделхат жолдады. Бұл туралы бүгін өзінің Facebook -тегі парақшасында ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды. «Осынау қиын-қыстау кезеңде бауырлас қазақ елінің көрсеткен қолдауын, сондай-ақ, Орталық Азиядағы пандемиямен күреске Қазақстан тарапының қосқан үлесі мен күш-жігерін жоғары бағалаймыз. Екі ел арасындағы достық, тату көршілік, одақтастық және стратегиялық әріптестік алдағы уақытта да өзара түсіністік негізде дами береді деп сенемін», – делінген жеделхатта. Сооронбай Жээнбеков Қасым-Жомарт Тоқаевқа зор денсаулық, мемлекеттік қызметіне игілік, ал, бауырлас қазақ халқына бейбітшілік пен табыс тіледі.
https://www.inform.kz/
13 мамыр 2020 ж. 844 0