Қызылорда облысына 5 мың электронды құрылғы келді

Айта кетейік, бұл құрылғылар қайтарымды түрде, оқушыларға уақытша беріледі. Қашықтан оқыту аяқталған сәтте электронды техникалар мектеп балансына өтеді. Ал, өткен аптада тағы 5000 дана компьютерлік құрылғылар жеткізіліп, қазірде мектептерге таратылуда. Оның 700 данасы компьютер, 4300 данасы планшет. Қалған компьютерлік құрылғылар қазан айының аяғына дейін кезең-кезеңімен жеткізіледі.