Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақзира Қасымова: Жаңа оқу жылында өзгешеліктер бар

Ақзира Қасымова: Жаңа оқу жылында өзгешеліктер бар

Kyzylorda-news.kz. Жаңа оқу жылы шалғайда орналасқан шағын жинақты ауылды мектептерді қоспағанда, өңірдің барлық мектептерінде қашықтан оқыту форматында басталады. Бірақ, ата-аналардың өтініші негізінде 1-4 сынып оқушылары үшін «кезекші сыныптар» ашылатын болады. Оқушылардың саны 10-15 тен аспауы тиіс және санитарлық талаптарды сақтау керек. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова мәлімдеді.
«Биыл аймақтың 243 мектебінде оқушылар сабақты қашықтан оқиды. Қашықтан оқытуды ұйымдастыруда оқушылардың электронды құрылғылармен, интернетпен қамтылуы бағытында анализ жүргізілді. Оқушылардың қажеттілігіне қарай компьютер, планшеттер берілетін болады. Бірінші кезекте әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген отбасылар, көпбалалы отбасының балаларына беріледі. Бұл ретте басқарма тарапынан мектеп балансындағы компьютерлерді уақытша береді. Сонымен бірге, демеушілер есебінен планшеттер алып беру жұмыстары жүргізілуде. Бұған қоса, облыста 20 259 педагог жұмыс жасайды. Оның ішінде компьютері жоқ мұғалімдер саны анықталуда. Облыстық мұғалімдер кәсіподағының демеушілігімен 300 мұғалімге электронды құрылғылар беріледі»,-деді Ақзира Бақтыбайқызы.
Сонымен қатар, 18 мың педагог қашықтан оқытуға байланысты 17-22 тамыз аралығында арнайы онлайн курстан өтеді.

25 шілде 2020 ж. 850 0