Қызылордада 548 оқушы «Алтын белгі» иегері атанды

Бітірушілердің 548-і «Алтын белгі», 363-і «Үздік аттестат» иегері атанды.
«Өздеріңізге белгілі, 11-сынып оқушыларының соңғы қоңырау шаралары аттестат алу рәсімімен біріктіріліп өткізіледі. Аттестат тапсыру барысында санитарлық сақтық шаралары қатаң сақталатын болады. Атап айтқанда, шараға қатысушылар арасында әлеуметтік ара-қашықтықтың сақталуы, оның алдын ала орындарының белгіленуі, маскалық режим және барынша қатысушылар санын шектеу көзделіп отыр. Ертеңгі шарада түлектердің тек ата-анасы немесе заңды өкілінің қатысуы талап етіледі», – дейді Ақзира Қасымова.
«Мектеп мұғалімдеріне сыйлық алуға, басқа да шараларға, безендіру, жөндеу жұмыстарына, мектепке естелік сыйлық алуға ата-аналар мен оқушылардан ақша жинауға қатаң тыйым салынды. Аудандық, қалалық білім бөлімдері, полиция бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен мектеп бітірушілердің кортежбен серуендеуіне, кафе-мейрамханаларда тойлауына, кешкі уақытта жалдамалы үйлерде, табиғат аясына серуендеу, өзен-көлдерге суға шомылу тыйым салынады», – деді басқарма басшысы.Осы мақсатта білім басқармасының арнайы бұйрығы қабылданып, онда білім бөлімінің, мектеп басшыларының қатаң талапты сақтау ескертілді.