Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов "Зейнетақы жасын төмендету туралы ұсыныс қарастырылып жатыр ма?" деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі. Stan.kz ақпарат агенттігі министрге орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан онлайн-брифинг барысында "Жақында депуттаттар зейнет жасын азайту туралы ұсыныс жасады. Алайда қазақстандықтардың зейнетке шығу жасы жылдан жылға өсуде. Жалпы, ерлер мен әйелдердің зейнетке шығу жасы қандай талаптар сүйеніп бекітіледі? Оның қандай критерийлері бар?" деген сұрақ жолдаған еді.Шенеунік ұсыныстың түскенін растады.