Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Еңбек министрі зейнетке шығу жасын төмендетуге қатысты пікір білдірді

Еңбек министрі зейнетке шығу жасын төмендетуге қатысты пікір білдірді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов зейетке шығу жасын төмендетуге қатысты қойылған сұраққа жауап берді, деп хабарлайды inform.kz.
«Қазіргі кезде зейнетке шығу жасын азайтуды қайта қарастыру мәселесі талқыланып отырған жоқ. Бүгінде зейнетақы жүйесі еңбек өтіліне байланған. Еңбек қызметі үшін төленетін ынтымақты зейнетақы мен кепілдендірілген базалық зейнетақы, сондай-ақ жинақтық құрамдауыш бар»,- деп тоқталды министр Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.
Сонымен қатар ол жинақты зейнетақы жүйесі жоғары бысымдыққа шығып отырғанын, бұл бағыт бәрінен бұрын жинақ жүйесіне қатысу ұзақтығы мен жинақ сомасына байланысты екенін айтты.
«Осы жағдайда халықтың табысын, лайықты жинақты арттыру мақсаты тұр. Мұнымен қоса, жұмыспен қамтылу деңгейін көтеру мен қордағы біздің азаматтардың зейнетақы активтерінің кірісін арттыруға екпін қойылып отыр», – деді Б. Нұрымбетов.
03 қыркүйек 2020 ж. 493 0