Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Шілдеден бастап зейнеткерлер еңбек өтіліне байланысты зейнетақы алады

Шілдеден бастап зейнеткерлер еңбек өтіліне байланысты зейнетақы алады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметітк қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін қайта есептеу бойынша өткен баспасөз мәслихатында 1 шілдеден бастап еңбек өтіліне байланысты базалық зейнетақының қалай өзгеретінін айтты.

«Азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту және олардың әлеуметтік жағдайын қамтамасыз ету, әлемдік стандарттарға жету және зейнетақы жүйесін дамыту - мұның бәрі еліміздің 2025 жылға дейінгі міндеттері. Сондықтан зейнетақы жүйесі әлеуметтік қорғау саласындағы конституциялы кепілдіктерді жүзеге асыруда ерекше орын алады. Экономикалық жағдайлардың өзгеруіне қарамастан мемлекет халықтың өмір сүру деңгейін көтеру және қолдау бойынша өзінің міндеттемелерін жүйелі түрде орындап келеді. Елбасының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан зейнетақы жүйесін жаңғырту бойынша ҚР зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің 2030 жылға дейін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы қабылданды. Бұл тұжырымдамада зейнеткерлік жасқа лайықты өмір сүру деңгейінің зейнетақы төлемдерінің пара-парлығын қамтамасыз етуге бағытталған», - деді Жақыпова баспасөз мәслихатында.
Ол 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік револция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында Елбасының тапсырмасына сәйкес 2018 жылдың 1 шілдесінен базалық зейнетақы еңбек өтіліне байланысты 1,8 есе ұлғаятынын атап өтті.
«Осы жылдың шілдесінен бастап базалық зейнетақы тағайындау тәртібі өзгереді. Қарт адамдардың еңбек өтілінің болу-болмауына байланысты демогрант (халықтың белгілі бір санатына берілетін ақшалай төлем – авт.) қамтамасыз етіледі. Барлық зейнеткерлік жасқа толған азаматтарға мемлекет бюджеттен төлеп отырған базалық зейнетақының мөлшері еңбек өтіліне және зейнетақы жүйесіне қатысу ұзақтығына тәуелді болады. Егер де бүгін бәріне бірдей төленіп отырған базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейі көлемінің 54%-ін құраса немесе 15274 теңге алып отырса, онда 1 шілдеден бастап оның мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты арттырылатын болады», - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.
baq.kz​​​
04 маусым 2018 ж. 2 137 0