Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалық тұрғын 5 ай бойы жалған ақшамен сауда жасаған

Қызылордалық тұрғын 5 ай бойы жалған ақшамен сауда жасаған

Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің өндірісіндегі жалған ақша өткізуге қатысты кезекті тергеу ісі аяқталып, сотқа жолданды.
Қызылорда қаласының 34 жастағы тұрғыны өткен жылдың қазан айынан бастап биылғы жылдың ақпан айына дейін бірнеше мәрте 5000 және 10000 теңгелік жалған банкноттармен сауда жасап, пайдақұмарлық мақсатпен қылмыс жасаған.

«Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 231-бабының 2-бөлігінің 2)-тармағында қаралған (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң жалған банкноттары мен мемлекеттiк бағалы қағаздарды өткізу мақсатында бірнеше мәрте жасау немесе сақтау, өткізу) қылмыстық құқықбұзушылық үшін 5 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған» делінген хабарламада.

2020 жыл басынан бері Қызылорда облысы бойынша ЭТД-нің өндірісінде жалған ақша айналымына қатысты 12 факт тіркелген.
Оның ішінде 6 жағдай «Халық Банк» АҚ-ы Қызылорда филиалы қызметкерлерімен, 1 жағдай «Сбербанк» АҚ-ның Қызылорда филиалы тарапынан, 5 жағдай азық-түлік дүкендері мен жанар-жағар май құю бекеттерінде анықталған. Нәтижесінде жалпы сомасы 286 500 теңге (51), 800 доллар (8) және 500 рубль (1) болатын барлығы 60 жалған купюра айналымнан алынды.
kyzylorda-news.kz
13 қазан 2020 ж. 524 0