Қызылорда: 50 мың теңге бұрын алмаған азаматтарға беріледі

Өздеріңізге белгілі «Birgemiz» қоры осы жылдың наурыз айында Тұңғыш Президент, «Nur Otan» партиясының Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен коронавируспен күрес жағдайында халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау үшін құрылған болатын.
Сол кезден бері Қызылорда облысы бойынша «Birgemiz» қоры есебінен 24030 азамат 50 мың теңге көлеміндегі біржолғы материалдық көмекпен қамтылған.
«Бұл жолы қор есебінен берілетін материалдық көмек нақты 4 санат бойынша бұған дейін қамтылмаған 5445 Қызылорда қаласының тұрғынына үйлестірілуде. Санаттар бойынша азаматтар тізімі қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі арқылы мемлекеттік деректер қорынан алынды» – делінген партияның облыстық филиалы таратқан хабарламада.
Тізімде бар жоғыңызды анықтау үшін 26-46-28; 27-62-53 байланыс нөмірлеріне хабарласа аласыздар.
Санаттар мен бөліністері төмендегі кестеде көрсетіген.