Талдықорған тұрғыны өз үйiн мұражайға айналдырды
Талдықорған тұрғыны Марат Қасенов өз үйiн мұражайға айналдырған. Оның үйiнде көне монеталар, қола дәуiрiндегi тұрмыстық заттар, музыкалық аспаптар, алғашқы компьютерлер мен телефондар жинақталған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттiгi 24.kz сайтына сiлтеме жасап.
Ер адам үйiнiң жертөлесiнде бiрнеше зал жасап, экспозицияларын қойған. Ол жергiлiктi газеттер арқылы хабарландыру берiп, коллекциясын жерлестерiне тегiн көрсетуде. Коллекция жинаушы әсiресе Рим патшасы Константин I дәуiрiндегi көне мыс монеталарымен мақтанады. Бiздiң дәуiрдiң IХ ғасырына жататын бұл монеталар Ақтауда табылған екен. Марат Қасенов үшiн өз музейiндегi заттар аса құнды. Коллекция жинаушы оларды бүкiл бұрынғы Кеңес Одағынан жинастырған. Сүйiктi iсiне 60 жыл өмiрiн арнаған ол ендi коллекциясын басқалардың назарына ұсынуды жөн санаған.
Телеарна мәлiметiнше, үй музейiндегi барлық заттар жұмыс iстейдi. Ескi патефондар мен фотоаппараттар да iстеп тұр. Марат Қасеновтың туыстары оның iсiне құрметпен қарайтынын айтты.«Маған Орал, Қызылорда, Өскемен, Астанадан, тiптi Германиядан келедi. Бiр рет қысты күнi, желтоқсан айында, 26 желтоқсан күнi ит үрдi. Жаңбыр жауып тұрған. Далаға шықсам, немересiн жетектеген ата тұр. Мен одан: «Ата, таңертең келмедiң бе?» деп сұрап едiм. Ол «Газеттен оқыған соң үйде отыра алмадым» дедi», - деп әңгiмелейдi Қасенов.
Марат Қасеновтың коллекциясында 1,5 мыңнан астам кiтап, 40-шы жылдардағы «Британский союзник» газеттерiнiң жинағы бар. Коллекция жинаушы өз музейiндегi экскурсияларды ««Рухани Жаңыру» бағдарламасына қосқан кiшкентай ғана үлесiм» деп есептейдi.«Егер ол бiр қызықты нәрсе көрсе, мiндеттi түрде сатып алады. Сатып алмай, тынышталмайды. Барлығын сұрастырады. Маған да қызықты. Мен де атаммен бiрге қарап, сол заттың тарихын бiлiп отырамын», - дейдi коллекция жинаушының немересi.
Baq.kz«Бастапқыда маған оның хоббиi қызық көрiндi. Ол өзiн қызықтырған қандай да бiр зат үшiн бүкiл ақшасын беруге дайын едi. Одан кейiн Марат затты ретке келтiргеннен кейiн бала сияқты қуанады. Мен содан-ақ оның шынымен де бұл iспен қызыға айналысатынын түсiндiм», - дейдi жұбайы Ұлтуар Зарлимова.