ХҚО: Мүгедектерге арналған кресло-арбаларға қалай тапсырыс беруге болады?

ХҚО арқылы:
– ХҚО-ға кезекті алдын-ала брондаңыз;
– Тіркеу бөліміне белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте келіп, броныңызды растап, жеңілдік терезесіне талон алыңыз;
– Операторға қажетті құжаттарды ұсыну арқылы қызметті 15 минутта рәсімдеңіз.
Мобильді топты шақырту арқылы:
– «1414» бірыңғай байланыс орталығына мобильді топты үйге шақыртуға тапсырыс беру арқылы жүзеге асады. Сізбен ХҚО операторы байланысып, мән-жайды толық анықтайды және 10 күн ішінде сіздің мекенжайыңызға келіп, құжаттарды рәсімдейді.
Сізге қажетті құжаттар:
– Жеке басыңыздың куәлігі;
– Егер сенімді өкіліңіз келген болса, оның сенімхаты (нотариалды растау қажет емес);
– Медициналық оңалту бағдарламасы жөнінде анықтама;
-Мүгедектігі жайлы куәлік;
-Егер ҰОС ардагері немесе соған теңестірілген азамат болса, ол туралы куәлік;
-Егер әрекетке қабілетсіз азамат болса, ХҚО-ға оның заңды өкілі құжат тапсыра алады.
Қызмет көрсету уақыты:
– Құжат тапсырған күнді есепке алмағанда, 10 жұмыс күні ішінде.
Қызмет нәтижесі:
– Ұялы телефоныңызға SMS хабарлама келген кезде мүгедектерге арналған арбаның берілуі жайлы шешімді ХҚО-дан аласыз.
Айта кетейік, мүгедектерге арналған арба Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасынан беріледі.
kyzylorda-news.