Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Байқоңырда шектеу шаралары тағы ұзартылды

Байқоңырда шектеу шаралары тағы ұзартылды

Байқоңырда карантин шаралары 1 қарашаға дейін ұзартылды.

Байқоңыр кешенінің мемлекеттік бас санитарлық дәрігерінің ұсынысына сәйкес, әкімшілік басшысы Константин Бусыгин Байқоңыр қаласы аумағында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында шектеу шараларын 2020 жылдың 1 қарашасы сағат 24:00-ге дейін созу туралы шешім қабылдады. Қолданыстағы шектеу шаралары сақталады, - делінген қала әкімшілігінің ресми сайтында.
Жедел штаб қала тұрғындарын маска режимін, әлеуметтік арақашықтықты және жеке гигиена мен санитарлық талаптарды қатаң сақтауға шақырады.
baq.kz


20 қазан 2020 ж. 416 0