Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 22 қазанға арналған ауа райы

22 қазанға арналған ауа райы

Скандинавия аймағынан келген циклонның әсерінен ҚР басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, жел күшейеді. Кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Тек еліміздің батысында ғана Солтүстік-батыс антициклонының әсерінен күн ашық болады. Павлодар, Түркістан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, күндіз Алматы облыстарының кей жерлерінде жел екпіні - 15-20 м/с. Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында жел қарқыны 23-28 м/с дейін күшейеді. Түнде Қостанай облысының кей аймақтарында, күндіз - басым бөлігінде жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Қарағанды, Ақмола, Ақтөбе облыстарының кей жерлеінде тұман, көктайғақ күтіледі. Қарағанды, Ақмола облыстарында желдің күші 15-20 м/с дейін екпіндейді.
www.inform.kz
22 қазан 2020 ж. 276 0