Лицензиясынан айырылған университет студенттері не істейді – министрлік жауабы

«Жоғары оқу орындары жабылып, студенттерді басқа оқу орындарына уақытылы ауыстыру қажеттілігі туындауына байланысты министрлік нормативтік құжаттарға өзгерістер енгізді», – делінген хабарламада.
Соған сәйкес, ЖОО білім беру қызметімен айналысу лицензиясынан немесе лицензияға қосымшадан айырылғанда немесе жоғары оқу орны жабылған жағдайда аталған оқу орнының студенттері семестрдің аяқталуын күтпей-ақ бірден басқа жоғары оқу орындарына ауыса алады.
Бұл студенттердің оқуын жалғастыруы үшін жасалып отыр.
kyzylorda-news.kz