Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 5 жоғары оқу орны лицензиясынан айырылмақ

Қазақстанда 5 жоғары оқу орны лицензиясынан айырылмақ

qamshy.kz Қазақстанның білім және ғылым министрлігі қосымша тексеру жұмыстарын жүргізе келе, 5 жоғары оқу орнының лицензиясын уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады.
Бұл туралы бүгін, 11 жетоқсанда өткен баспасөз жиынында министр Асхат Аймағанбетов мәлімдеді.  Министрдің айтуынша, университеттердің лицензиясын уақытша тоқтату президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жүргізілген. 
- Біз бұған дейін, елімізде 5 ЖОО лицензиясының уақытша тоқтатылғанын хабарлаған болатынбыз. Бүгінде ЖОО-на қосымша тексеру жұмыстарын жүргізудеміз, соның нәтижесінде тағы 5 ЖОО-ның лицензиясын уақытша тоқтату туралы шешім қабылдадық. Шешіммен келіспейтін ЖОО-ның заң бойынша шағымдануға 10 күн уақыты бар. Егер шағым түспесе немесе шағымданған жағдайдың өзінде сот шешімді өзгертпесе, біз олардың атауларын жариялай аламыз. Жалпы ЖОО бойынша проблемалар жеткілікті. Анықталғандай, 1 курсқа 5 студент қабылданса, 4 курсты 150 студент бітіріп шығады. Демек 2,3 курстарда жауапсыз университеттер оқудан шығып қалған студенттерді қабылдайды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, біз ЖОО-на деген талапты күшейттік және жоғары білім беру саласын реттеудің жаңа механизмдері енгізілетін болады", - деді Асхат Аймағамбетов министрлікте өткен баспасөз мәслихатында. 

11 желтоқсан 2019 ж. 685 0