Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада коронавирус инфекциясынынан 6 науқас емделіп шықты

Қызылордада коронавирус инфекциясынынан 6 науқас емделіп шықты

Облыс көлемінде соңғы тәулікте коронавирусинфекциясымен науқас тіркелген жоқ. Ал, бұрын науқастанған 6 науқас дертінен толық айығып шықты (Арал-3, Қармақшы-3).
Жалпы пандемия басталғалы бері аймақта емделіп 3174 адам аурудан жазылған. Кеше 1152 тұрғын зертханаларға сынама тапсырып, 914 сынамадан ешқандай инфекция белгілері анықталмаған. Қалған 238 сынама бойынша мамандар жұмыс жасауда. Облыстағы зертханалар қорында қазір 19 519 тест бар. Эпидемиологиялық маусым басталғалы 122 522 адамнан сынама алынды.
Қазіргі таңда инфекциялық стационарда 17 науқас, облыс бойынша инфекциялық стационардың реанимация бөлімінде 2 науқас ем қабылдауда.
kyzylorda-news.kz
11 қараша 2020 ж. 325 0