Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » COVID-19: Қызылордада эпидемиологиялық ахуал қалай?

COVID-19: Қызылордада эпидемиологиялық ахуал қалай?

Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен осы күнге дейін тіркелген науқастар саны – 3 262-ге жетті.
Оның ішінде Қызылорда қаласында – 1962, Арал ауданында – 114, Қазалы ауданы – 102, Қармақшы ауданы – 144, Жалағаш ауданы – 112, Сырдария ауданы – 183, Шиелі ауданы – 288 және Жаңақорған ауданында – 357.
Өткен тәулікте, яғни 29 қазан күні коронавирус инфекциясымен 3 жағдай тіркеліп отыр. Оның 1-уі Қызылорда қаласынан тіркелсе, 2-уі Қармақшы ауданынан тіркелді.
29 қазандағы зертханаларға тапсырылған сынамалар саны – 1049, тексерілгені – 525 сынама, 524 сынамамен жұмыс жасалуда. Қалдық тест саны – 21 609. Эпидемиологиялық маусым басталғалы бері барлығы 113 987 сынама алынды.
kyzylorda-news.kz
30 қазан 2020 ж. 440 0