Қызылорда: Инфекциядан айыққандар саны 159-ға жетті

Емделушілердің емі толық аяқталған соң, 2 рет тест сынамасы алынды. Сынама нәтижесі теріс көрсеткіш көрсетуіне орай, яғни науқастар «Covid-19» вирусынан айығуына байланысты ауруханадан үйлеріне қайтарылды.
Індетті жеңген емделушілердің 2-уі Қызылорда қаласынан, 1-уі Шиелі ауданынан шықты.
Емделушілер алдағы уақытта 14 күн бойы аймақтық дәрігерлер бақылауында болады.
Осы күнге дейін өңірімізде індеттен айығып шыққандар саны – 159. (Кызылорда қаласы – 31, Арал ауданы – 4, Қазалы ауданы – 2, Қармақшы ауданы – 4, Сырдария ауданы – 26, Шиелі ауданы – 62, Жанакорған ауданы – 30).
Айта кетейік, аймағымызда бүгінгі күнге дейін коронавирус инфекциясының 229 дерегі тіркеліп отыр.(Қызылорда қаласында –92 жағдай, Жаңақорған ауданы – 31, Арал ауданы – 6, Сырдария ауданы – 26, Қармақшы ауданы – 5, Шиелі ауданы – 66, Қазалы ауданы – 3). Барлығының жағдайы бақылау барысында бірқалыпты.