COVID-19: Қызылорда облысында індеттен жазылғандар саны 29 адам болды

22 сәуір 11:10-дағы ақпарат бойынша Қызылорда облысында тағы 3 адам қауіпті індеттен жазылып шыққан. Осылайша қауіпті індеттен айыққандар саны өңірде 29 адамға жетіп отыр.
Айта кетейік, Қызылорда қаласында – 6, Жаңақорған ауданында – 16, Шиелі ауданында – 4 және Қармақшы ауданында – 3 адамнан осы індеттен емделіп, үйлеріне шығарылған.
Олар алдағы 14 күнде дәрігерлердің бақылауында болады.