Қызылорда облысында қауіпті індеттен жазылғандар саны 21 адам болды

18 сәуір 13:45-тегі ақпарат бойынша Қызылорда облысында тағы 2 адам қауіпті індеттен жазылып шыққан. Осылайша қауіпті індеттен айыққандар саны өңірде 21 адамға жетіп отыр.
Айта кетейік, Қызылорда қаласында – 7, Жаңақорған ауданында – 10, ал, Шиелі ауданында – 2, Қармақшы ауданында – 2 адам осы індеттен емделіп, үйлеріне шығарылған.
Олар алдағы 14 күнде дәрігерлердің бақылауында болады.