COVID-19: Қызылорда облысында індеттен жазылғандар саны 45-ке жетті

23 сәуір 14:00-дегі ақпарат бойынша Қызылорда облысында тағы 16 адам қауіпті індеттен жазылып шыққан. Осылайша қауіпті індеттен айыққандар саны өңірде 45 адамға жетіп отыр.
Айта кетейік, Қызылорда қаласында – 9, Жаңақорған ауданында – 16, Шиелі ауданында – 17 және Қармақшы ауданында – 3 адамнан осы індеттен емделіп, үйлеріне шығарылған.
Олар алдағы 14 күнде дәрігерлердің бақылауында болады.