Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында 137 науқас қауіпті індеттен жазылып шықты

Қызылорда облысында 137 науқас қауіпті індеттен жазылып шықты

Қызылорда облысында коронавирустық инфекциядан жазылған науқастардың саны 137 адамға жетті деп хабарлайды kyzylorda-news.kz.
3 мамыр 13:30-дағы мәлімет бойынша Қызылорда облысында тағы 10 науқас қауіпті індеттен жазылып шыққан. Індеттен айыққандардың қатарына соңғы қосылған науқастар – Қызылорда қаласы мен Жаңақорған ауданының тұрғындары.
Осылайша коронавирустық инфекциядан жазылғандар саны өңірде 137 адамға жетіп отыр.
Аталған науқастардан 2 реттен сынама тест алынып, бәрі теріс мәнді нәтиже көрсеткен.
Олар алдағы 14 күнде дәрігерлердің бақылауында болады.
04 мамыр 2020 ж. 499 0