Қызылордада 108 науқас қауіпті індеттен жазылып шықты

27 сәуір 12:50-дегі ақпарат бойынша Қызылорда облысында тағы 9 адам қауіпті індеттен жазылып шыққан. Оның ішінде, Қазалыда – 1, Сырдария – 6, Шиеліде – 2 науқас қауіпті індеттен айыққан.
Осылайша коронавирустық инфекциядан жазылғандар саны өңірде 108 адамға жетіп отыр.
Аталған науқастардан 2 реттен сынама тест алынып, бәрі теріс мәнді нәтиже көрсеткен.
Олар алдағы 14 күнде дәрігерлердің бақылауында болады.