COVID-19: Аралда барлық науқас айықты, облыста жазылғандар саны 114-ке жетті

29 сәуір 16:35-тегі ақпарат бойынша Қызылорда облысында тағы 3 адам қауіпті індеттен жазылып шыққан. Оның ішінде, Аралда – 2, Шиеліде – 1 науқас қауіпті індеттен айыққан.
Ерекше атап өтерлігі – Арал ауданында осы індетке шалдыққан 4 науқастың барлығы жазылды.
Осылайша коронавирустық инфекциядан жазылғандар саны өңірде 114 адамға жетіп отыр.
Аталған науқастардан 2 реттен сынама тест алынып, бәрі теріс мәнді нәтиже көрсеткен.
Олар алдағы 14 күнде дәрігерлердің бақылауында болады.