Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Өткен тәулікте коронавирус инфекциясы тіркелген жоқ

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясы тіркелген жоқ

11.04.2020ж.қорытындысымен өңірімізде коронавирус инфекциясы тіркелген жоқ. Тест сынамаларының барлығы теріс нәтиже көрсетті.
Айта кетейік, 10.04.2020ж. қорытындысымен Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен тіркелгендер қатары 116-ға жеткен болатын (Қызылорда қаласында – 12, Жаңақорған ауданында – 17, Арал ауданы – 4, Сырдария ауданы – 23, Қармақшы ауданы – 4, Шиелі ауданында – 55 жағдай, Қазалы ауданында - 1 жағдай).
Қазіргі таңда, "Covid-19" вирусын жұқтырғандар оқшау орындарда емдерін жалғастыруда.
Сондай-ақ, науқастармен қарым-қатынаста болған адамдардың барлығы бақылауға алынып, ауру ошақтарында залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.
Барша тұрғындардан төтенше жағдай кезіндегі сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырамыз!
Қызылорда Облысының Әкімдігі
12 сәуір 2020 ж. 551 0