Қызылордада «COVID-19» вирусын жұқтырғандар қатары 448-ге жетті

Соңғы тәулікте 23 дерек тіркелді. Анықталған 23 жағдайдың 20-сы Қызылорда қаласынан, 3-уі Жаңақорған ауданынан тіркелді.
Бүгінгі күнге инфекциялық стационарда 161 науқас ем алуда. Оның ішінде 4 науқас жансақтау бөлімінде. Екеуінің жағдайы өте ауыр деп бағалануда, ИВЛ аппаратына қосылған. Екеуі ауыр күйінде қалуда.
Тәулігіне алынған 818 тест сынамасының 625-і теріс мәнді, 23-і оң мәнді болып шықты. Қалған сынамалармен жұмыс жасалуда.
Айта кетейік, аймағымызда бүгінгі күнге дейін коронавирус инфекциясының 448 дерегі тіркеліп отыр. (Қызылорда қаласында – 237 жағдай, Арал ауданы – 47, Қазалы ауданы – 7, Қармақшы ауданы – 7, Сырдария ауданы – 27, Шиелі ауданы – 75, Жаңақорған ауданы – 48).