Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » COVID-19: Өткен тәулікте 7 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды

COVID-19: Өткен тәулікте 7 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 507-ге жетті. Қызылорда қаласында 270 жағдай тіркелсе, Аралда 50, Қазалы 7, Қармақшы 8, Жалағаш 2, Сырдария 29, Шиелі 80, Жаңақорған 61 адам тіркелген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.«Өткен тәулікте симптомды ағыммен жаңа 7 жағдай тіркелді. Оның 4-і Қызылорда қаласында, Жалағаш, Шиелі және Сырдария аудандарында 1 жағдайдан тіркелген. Аталған жағдайлардың 6-ы емханада скрининг арқылы анықталса, 1-і ақылы тест кезінде анықталған. Сонымен қатар симптомсыз ағыммен 37 жағдай тіркелді. Оның 34-і Қызылорда қаласынан, 2-і Қармақшы ауданынан, 1-і Жалағаш ауданынан болып отыр. Олардың 16-ы қарым-қатынастағылардың арасынан анықталса, 13-і емхана скринингінен, 8-і ақылы тест арқылы анықталған», - дейді басқарма басшысы.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 51 азамат жазылып шықты. Жалпы сырқаттан айыққандар саны 442-ге жетті.



16 маусым 2020 ж. 602 0