Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » БЖЗҚ қызметтерінің сапасы халықаралық стандарттарға сәйкес келеді

БЖЗҚ қызметтерінің сапасы халықаралық стандарттарға сәйкес келеді

2018 жылдың наурыз айында «БЖЗҚ» АҚ Сапа Менеджменті Жүйесі бойынша (СМЖ) сертификациялық аудиттен сәтті өтті. Мақсат – оның ISO 9001:2015 халықаралық стандартының зейнетақы қызметтерін көрсету саласындағы талаптарына сәйкестігін растау. Аудитті алдыңғы қатарлы TÜV Thüringen e.V (ТЮФ Тюринген, Германия) еуропалық компаниясының халықаралық аудиторлары жүргізді.Аудит барысында TÜV Thüringen e.V. сарапшылары БЖЗҚ-ның Сапа менеджменті жүйесі толық көлемде нәтижелі екендігін, Қорда оны лайықты деңгейде қолдауға және одан әрі дамытуға барлық жағдай жасалғандығын атап өтті.Сондай-ақ, қорытынды есептемеде TÜV Thüringen e.V. аудиторлары БЖЗҚ-ның ISO 9001 негізінде Сапа Менеджменті Жүйесін енгізуге және оны тұрақты қолдауға, Қордың инфрақұрылымын жақсартуға және IT-технологияларды кеңінен пайдалануға ұмтылып жатқандығын көрсетті. Бұл ретте IT-технологиялар ішкі бизнес-үдерістерді, сондай-ақ қызметкерлердің біліктілігі мен құзыреттілігін айқындау үшін де қолданылады.
Одан басқа, БЖЗҚ-ға әр түрлі байланыс арналары арқылы келіп түсетін өтініштерді талдауда заманауи бағалау әдістемелері қолданылатындығын айта кеткен жөн. Тәуелсіз аудиторлар бұл механизмді жоғары бағалады. Мысалы, 2017 жылы қашықтықтан байланыс жасау арналары - байланыс орталығы, Қор сайтындағы «Кері байланыс» және «Онлайн чат» нысаны арқылы, қағаз жүзінде, «Пікірлер мен ұсыныстар кітабы» және әлеуметтік желілер арқылы азаматтардан Қорға 405 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Оларға 1-3 күн ішінде жауаптар қайтарылды.
Аудит нәтижесі бойынша ISO 9001:2015 стандартының талаптарына қатысты бірде-бір сәйкессіздік, ауытқушылық анықталған жоқ. Соның арқасында «БЖЗҚ» АҚ TÜV Thüringen e.V. компаниясынан халықаралық сертификат алды.
«Сертификат алғанға дейін Қорда сапа менеджменті жүйесін қалыптастыру және енгізу бойынша қыруар жұмыстар атқарылды.
Халықаралық стандарттарға сәйкестігімізді растау – біздің дұрыс бағытта келе жатқанымызды білдіреді. Салымшылар мен алушыларға лайықты дәрежеде қызмет көрсете отырып, олардың ризашылығына ие болу біз үшін өте маңызды. Қол жеткізілген нәтижелер – бұл көрсетілетін қызметтерді дамыту және олардың сапасын жақсарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың бір көрінісі. Қолданыстағы Сапа менеджменті жүйесі бизнес-үдерістердің тиімділігін және Қордың ашықтығын арттырады», - деді өз сөзінде «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымының орынбасары Бауыржан Мұхамеджанов.
TÜV Thüringen e.V. – сапа және қауіпсіздік саласында сертификация бойынша халықаралық орган. TÜV Thüringen-нің тарихы 100 жылдан асады. Жиырмасыншы ғасырдың елуінші жылдары бұл ұйымның қызметі мемлекеттік техникалық қадағалау қызметі ретінде жалғастырды. Тоқсаныншы жылдары TÜV Thüringen сертификаттау бойынша халықараолық орган мәртебесін алды. Сөйтіп, әлемдік аудит нарығында едәуір абыройлы қатысушыларының біріне айналды.
Бүгінде автокөлік жасау кәсіпорны - TÜV Thüringen халықаралық компаниясының маңызды мамаманданған маңызды салаларының бірі.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.
27 сәуір 2018 ж. 1 044 0