Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Үркер-2020» Ұлттық сыйлығының жеңімпаздары анықталды

«Үркер-2020» Ұлттық сыйлығының жеңімпаздары анықталды

Бүгін елордада «Үркер-2020» сыйлығын марапаттау рәсімі аясында қазылар алқасы баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы үздіктерді анықтады.

Айта кету керек, биыл байқаудың 11 номинациясы бойынша қатысушылардан 470 өтінім келіп түсті. Өтінімдер 2020 жылдың 2 қазаны мен 5 қарашасы аралығында қабылданды. Әр номинацияның үздігіне жеңімпаз атағымен қатар, «Үркер» естелік мүсіншесі және бір миллион теңге ақшалай сыйлық табыс етілді.

Сонымен, үздіктер қатарында:

1.    Жылдың үздік фотосуреті:
Сәкен Ділдахмет, тәуелсіз экологиялық шолушы

2.    Жылдың үздік репортажы:
Нұрсұлтан Мықтыбаев, Kyzylorda-news.kz порталы

3.    Жылдың үздік аналитикалық материалы:
Қайрат Жандыбаев, Strategy2050.kz порталы

4.    Жылдың үздік журналистік зерттеуі:
Михаил Козачков, «Время» газеті

5.    Жылдың үздік сұхбаты:
Гульбаршын Сабаева, «Егемен Қазақстан» газеті

6.    Жылдың үздік танымдық материалы:
Тимур Ниталиев, Sputnik Казахстан АА

7.    Радиостанциядағы үздік жоба:
«Эфирде 102 FM» бағдарламасы, «Atyray» радиостанциясы

8.   Жылдың үздік жаңалықтар порталы:
TengriNews порталы

9.   Жылдың үздік газеті:
«AQ JOL» Жамбыл облыстық газеті

10. Жылдың үздік журналы:
«Жұлдыз» журналы

11. Шерхан Мұртаза атындағы номинация:
Қайнар Олжай

12. «Kazinform» халықаралық ақпараттық агенттігінің арнайы сыйлығы
«ТАСС» агенттігі – «Үркер» естелік мүсіншесі;

«Kaznews» Моңғолиядағы қазақтілді портал – 1 миллион ақшалай жүлде

13. «Казахстанская правда» газетінің арнайы сыйлығы
Татьяна Костина – ардагер журналист

Ұлттық бәйгенің ұйымдастырушысы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры.
baq.kz

13 қараша 2020 ж. 462 0