Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесінің марапаттау рәсімі өтіп жатыр

«Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесінің марапаттау рәсімі өтіп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы «Қазмедиа» орталығына «Қазақ» телевизиясының 60 жылдығына орай, «Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесінің салтанатты марапаттау рәсімі басталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Айтулы күнге бүгін «Қазмедиа» орталығы ерекше безендірілген. Шараға тілшілер, телевизия қызметкерлері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, эстрада жұлдыздары, шақырылған. Қазақ телевизиясының ардагерлері мен телеарна ұжымдарындағы журналистер мен жүргізушілер, «Қазақстанның 100 жаңа есіміне» енген танымал азаматтар шараға арнайы төселген қызыл кілеммен жүріп өтті.
Айта кетсек, бүгінгі салтанатты шара барысында «Үздік деректі кино», «Үздік ағартушылық бағдарлама», «Үздік әлеуметтік бағдарлама», «Үздік ойын-сауық жобасы» және тағы сол секілді бірнеше номинациялар бойынша жеңімпаздарды марапаттау көзделуде. Бәйгенің қазылар алқасының құрамында журналистика мен телерадио хабар тарату салаларындағы кәсіби, жоғары білікті сарапшылар бар.
«Тұмарға» өтінімдерді қабылдау толығымен автоматтандырылып, kaztube.kz порталының негізінде жүзеге асырылған болатын. Бәйгеге қатысушылардың жоғары белсенділіктерін атап өту керек. Өтінімдерді қабылдау кезеңінде kaztube.kz порталына кірушілер саны 80%-ға өсті, ал өтінімдер саны былтырғы көрсеткішке қарағанда 1,6 есеге артты (240 өтінім).

2018 жылы «Тұмарға» 397 конкурстық жұмыс келіп түсті. Олардың ішінде қазылар алқасы Бәйге ережесінің талаптарына сәйкес рәсімделген 355 конкурстық өтінімді қарады.

Ағымдағы жылғы бәйгеге 14 номинация бойынша өтінімдер қабылдау 15 қаңтар мен 1 наурыз аралығында жүргізілген.




16 наурыз 2018 ж. 1 476 0