Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Egov-қа тіркелу жеңілдеді. Енді телефонға келбетіңізді көрсету жеткілікті

Egov-қа тіркелу жеңілдеді. Енді телефонға келбетіңізді көрсету жеткілікті

Үкімет отырысында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин egov-қа тіркелу жеңілдегенін жеткізді.

Қоғамның шағымдарын талдадық. Қарапайым халық үшін еgov-қа көшудің басты қиындығы - ол электронды цифрлық қолтаңбаны орнату, мобильдік базада тіркелу. Осы тетіктерді шешу мақсатында порталда биометрия арқылы тіркеу мүмкіндігі іске асуда,- дейді министр.  
Оның айтуынша, еgov пайдаланушысы болу үшін смартфоныңызды алдыңызға қойып, өз келбетіңізді көрсету жеткілікті.  
Қазір осы тетік тестілеуден өтіп жатыр. Қарашаның соңына дейін іске қосамыз. Көп талап етілетін құжаттарды еgov mobile қосымшасына цифрлық түрде шығарылды. Цифрлық құжаттар қызметіне жеке куәліктен басқа жүргізуші куәлігі, дипломдар және басқа құжаттар шығарылады. Мұндай құжаттар түрі әлі де көбейеді,- деді Бағдат Мусин.

17 қараша 2020 ж. 466 0