Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалық өрен Украинада өткен халықаралық ән фестивалінде бас жүлде алды

Қызылордалық өрен Украинада өткен халықаралық ән фестивалінде бас жүлде алды

Қызылордалық өнерпаз өрен Дінмұхамед Төлеубай Украинаның Харьков қаласында өткен «Спивограй» онлайн фестивалінде бас жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Биыл 25-ші мәрте өткізілген фестивальде Дінмұхамед вокалдық ән номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Ол облыстық халық шағармашылығын дамыту орталығында тәлім алады. Оған бұған дейін Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Қаракөз Ақдәулетова тәлім берді. Қазір Дінмұхамед ұстаз Жадыра Белгібаевадан ән айтудың қыр-сырын үйреніп жүр. Конкурс барысында Ж.Белгібаева алғыс хатпен марапатталды.
Д.Төлеубай биылғы жылдың қаңтар айында Беларусьте өткен «Арт-парад» конкурсында Гран-при иегері атанған болатын.
«Дінмұхаммедтің үлкен атасы – Төлеубай кезінде ақындығымен көзге түскен екен. Көптеген шығармалары мерзімдік басылымдарда жарияланған. Айтыста да өз қолтаңбасын қалдырған. Атадан жұғысты болған сол өнердің киесі біздің Дінмұхаммедке қонған шығар дейміз. Әкесі – Ағабек пен анасы – мен екеуіміз де өнерден қашықпыз», – деді анасы Лида Бисенова.
kyzylorda-news.kz​​​
18 қараша 2020 ж. 383 0