Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалық оқушы Ресейдегі ән байқауында Бас жүлде алды

Қызылордалық оқушы Ресейдегі ән байқауында Бас жүлде алды

Қызылорда облысының Қазалы ауданында тұратын жас әнші Мадияр Серік халықаралық байқаудың жеңімпазы болды, деп хабарлайды inform.kz
Ол Ресейдің Туапсе қаласында биыл 25-ші мәрте өткізілген «Хрустальная магнолия» фестиваль-конкурсында бақ сынады. Қара теңіздің жағалауындағы балалар шығармашылығына арналған байрақты бәсекеде ән орындаған Мадияр Серік Гран-при жеңіп алды.
Мадияр Серік Қазалы ауданына қарасты Жанқожа батыр ауылындағы №94 мектепте оқиды. Ол бұған дейін Болгарияда өткен «Star of the world» атты халықаралық байқауда гран-при мен үш алтын медаль иеленген болатын.
05 қараша 2019 ж. 798 0