Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыр елінің өнерпаздары жеңіс тұғырында (ФОТО)

Сыр елінің өнерпаздары жеңіс тұғырында (ФОТО)

   Болгария мемлекетінің Варна қаласында өткен халықаралық «Stars of the world alexandra – princess angel 2019» конкурсында Сыр елінің өнерпаздары жүлделі оралды. Бұл туралы облыстық мәдениет басқармасы хабарлады.
   Аталған байқауда, Қарақат Базарбай әлемдік хит әндері мен фольклор номинациясы бойынша Алтын медаль, Серік Мадияр үш номинация бойынша Алтын медаль және өз елінің әндерін орындау кезеңінен Гран При иегері атанды.
   Айта кетейік, байқауға қатысқан өнерпаздар -  Қарақат Базарбай мен Серік Мадияр Қызылордадағы «Сыр сандуғаштары» балалар вокалдық тобының әншілері. Топқа Бағдагүл Есмұрзаева жетекшілік етеді.
https://kyzylorda-news.kz/news/madeniet/30272-syr-eln-nerpazdary-zhes-tyrynda-foto.html​​​



04 қыркүйек 2019 ж. 1 145 0