Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елдос Сметов Анталияда Гран-при жеңімпазы атанды

Елдос Сметов Анталияда Гран-при жеңімпазы атанды

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Анталияда Гран-при жеңімпазы атанды60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде болған жекпе-жектің ақтық кезеңінде ол өзбек спортшысы Кемран Нурилаевпен кездесіп, иппонмен жеңді. Бұған дейін қазақстандық спортшы жартылай финалда британдық Эшли Маккензимен (иппон) шыққан, ал одан алды әзірбайжандық Оруж Вализаданы (вазари), болгариялық Валентин Алипиевті (иппон) және бразилиялық Фелипе Китадаины (иппон) жеңген.
Турнир бойынша, қазақстандықтардың еншісінде екі медаль бар. Бұған дейін Гран-придің күміс жүлдегері Отгонцэцэг Галбадрах атанған.
13 мамыр 2019 ж. 816 0