Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық боксшылар Польшадағы турнирде төрт алтын медаль алды

Қазақстандық боксшылар Польшадағы турнирде төрт алтын медаль алды

Варшавада Феликс Штаммды еске алу мақсатында өткен халықаралық турнирде төрт қазақстандық боксшы чемпион атанды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бірінші алтында 56 кг салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан Ілияс Сүлейменов иорданиялық Мохаммед Альвадиден жеңіп алды. Салмағы 64 кг болатын Бекдәулет Ибрагимов Польшаның жалғыз өкілі Дамиан Дюркажаның финалға жетпей қалуына себепші болды. Ал салмағы 69 кг болатын Асланбек Шымбергенов ресейлік Сергей Собылинскийдің мұрнын қанатып, кейін өзі де жарақат алып қалды. Десе де, финалдағы гонгқа дейін үш раундта да қазақстандық спортшы басым түсті.
Тағы бір ресейлік спортшы қазақстандық Абай Төлешовті алтынсыз қалдырды. 75 кг салмақ дәрежесі бойынша 2017 жылғы Қазақстан чемпионы осылайша күміс жүлде алды.
Қазақстан құрамасының капитаны Әділбек Ниязымбетов Георгий Кушиташвилимен жұдырықтасты. Судьялар жеңісті оның қарсыласына берді.
Қазақстандықтар ішінде соңғы болып Антон Пинчук жұдырықтасып, түркімен боксшысы Арсланбек Ачиловты жеңді. Нәтижесінде Қазақстан командасы елге жеті медаль – төрт алтын, екі күміс және бір қола алып келеді.


















Ескерту!
Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.

17 наурыз 2018 ж. 1 253 0