Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада қылмыстық құқық бұзушылық 36 пайызға төмендеген

Қызылордада қылмыстық құқық бұзушылық 36 пайызға төмендеген

Жыл басынан бері Қызылорда облысында қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 36 пайызға – 4843-тен 3108-ге дейін қысқарды. Бұл туралы облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова брифингте мәлімдеді.
Тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар саны бойынша өңір республика бойынша 17-ші орында.
«Облыста қылмыстың алдын алу бойынша арнайы өңірлік іс-шаралар жоспары бекітілді. Полиция департаментінің материалдық-техникалық базасын жаңартуға бюджеттен 1,5 млрд.теңге бөліндіп, 13 бірлік жылдамдық режимін анықтайтын стационарлық құрылғы, 22 қызметтік автомобиль, оның ішінде 20 ауылдық учаскелік инспекторларға, 150 термопринтермен қамтылған планшет, 47 қамтылған портативті бейнетіркегіш және басқа құрылғылар сатып алынды», – дейді аймақ басшысы.
kyzylorda-news.kz​​​
23 қараша 2020 ж. 583 0