«ТҰРМЫС» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛУДЕ
Ағымдағы жылдың 01-04 қазан күндері аралығында аудан көлемінде «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның негізгі мақсаты мас күйде жасалатын қылмыстарға жол бермеу, құқық бұзушылықтардың алдын алу, криминогендік жағдайды жақсарту.Жедел алдын алу шарасы аясында учаскелік полиция инспекторларының қолда бар барлық ықпал ету нысандарын пайдалана отырып, құқық бұзушылықтар жасауға, оның ішінде отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылықтар жасауға бейім адамдар анықталып, олармен профилактикалық жұмыстар күшейтіліп, мекен-жайлары бойынша тексеріс жүргізіледі.