Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Гүлшара Әбдіқалықова Қазақ радиосына сұхбат берді

Гүлшара Әбдіқалықова Қазақ радиосына сұхбат берді

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясынан соң Қазақ радиосының «Арнайы шығарылым» бағдарламасына сұхбат берді. Аймақ басшысы журналист Дулат Абибуллаевтың сұрақтарына жауап беріп, Сыр елінде атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Сұхбаттың алғашқы сұрағы Қызылорда облысының экономикалық дамуынан басталды.
«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қабылданып жатқан дағдарысқа қарсы шаралардың арқасында қиындықтарды шешудеміз.Өңірде 9 айдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібінде және ауыл шаруашылығында оң динамика байқалады.Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны өсті. Дағдарысқа қарамастан, облыс экономикасына 181 млрд.теңгеден астам инвестиция салынды. Жұмыссыздық деңгейі мен баға индексі бүгінде бізде орташа республикалық көрсеткіштен де төмен.Бұл ретте жалақының да, жалпы халық табысының да өсуі байқалады», – деді Г.Әбдіқалықова.
Мұнан соң өңір басшысы коронавирус індетінің болуы мүмкін екінші толқынына дайындық барысын да сөз етті.
«Індетпен күресу үшін өкпені жасанды желдету (ИВЛ) аппаратын 244-ке жеткіздік. 9 ПТР, 60 рентген аппараты, 682 оттегі концентраторы бар. Сонымен бірге дәрі-дәрмектің екі айлық қорын жасақтадық. Тұрақтандыру қоры арқылы дәрілік заттарды алуға 488 млн.теңгеге қаржы бөлдік. 200 төсектік жаңа модульдік инфекциялық аурухананың құрылысы аяқталады, көпбейінді облыстық ауруханада оттегі станциясы салынған. Аталған станцияның құрылысы Қазалы ауданаралық ауруханасында да аяқталуда», – деді облыс әкімі.
Сұхбат барысында облыс әкімі Г.Әбдіқалықова Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2020 жылды «Волонтер жылы» деп жариялағанына байланысты республика бойынша осы жылдың басында алғашқылардың бірі болып 700-ге жуық еріктіні біріктіретін «Сыр еріктілері штабы» құрылғанын жеткізді.
Пандемия шыңы кезінде Сыр еріктілері 8,5 мың отбасына көмек көрсетті, 5 мыңға жуық мұқтаж отбасылардың оқушыларына мектеп керек-жарақтары табыс етті. Медицина қызметкерлерінің отбасыларына азық-түлік жеткізді, медицина қызметкерлерін толыққанды ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізді.
Волонтерлар мен кәсіпкерлердің күшімен тұрмысы төмен отбасылар мен жалғыз басты қарттарға арналған 11 тұрғын үй салынды.
Жалпы алғанда, Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған 7 жалпыұлттық жоба бойынша 1000-нан астам іс-шара ұйымдастырылды.
Аймақ басшысы Г.Әбдіқалықова пандемияға қарамастан Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы да жоғарғы дәрежеде аталып өткен айтып өтті. Ақынның мерейтойы Сыр өңірде Нартай Бекежанов атындағы облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрында Ерсайын Төлеубайдың «Абай» спектаклінің қойылымын көрсетілуімен басталды.
Республикалық «Абай жолымен» ақындар айтысына атақты ақындармен қатар жергілікті жас ақындар да қатысты.
Қызылорда қаласында Семей қаласының «Жидебай – Бөрілі» мемлекеттік тарихи–мәдени және әдеби музей-қорығының «Абай-дана, Абай-дара қазақта» көшпелі көрмесі ұйымдастырылды. Жалпыхалықтық челлендж ауқымына ие болған Абай шығармаларын оқу эстафетасын өңір тұрғындары да жақсы қолдады.
Сырдың дәстүрлі өнерінің танымал өкілдерінің ізбасарлары-жергілікті жыршы-жыраулар ұлы ақынның поэзиясын сиқырлы мақамдар арқылы жеткізе білді.
Сыр жерінде алғаш рет «Абай» операсының тұсаукесері өткізілді.
Сондай-ақ, ақынның өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау мақсатында дәстүрлі өнердің жас орындаушыларының «Абай жырлары Сыр мақамында»атты онлайн концерті өткізілді.
Сұқбат соңында Гүлшара Әбдіқалықова Қазақ радиосын келесі жылғы 100 жылдық мерейтойымен құттықтап, радио ұжымына шығармашылық табыс тіледі.
kyzylorda-news.kz
23 қараша 2020 ж. 586 0