Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аймақ басшысы «EXCLUSIVE» бағдарламасына сұхбат берді

Аймақ басшысы «EXCLUSIVE» бағдарламасына сұхбат берді

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «ATAMEKEN BUSINESS» телеканалындағы «EXCLUSIVE» бағдарламасына сұхбат берді. Журналист Руслан Идрисовпен болған әңгіме барысында облыс басшысы аймақтағы газдандыру, сумен жабдықтау, интернетке қол жеткізу сынды өзекті мәселелерге тоқталған. Соның ішінде Елбасының бастамасымен табаны құрғаған Арал теңізінің екінші бөлігін сақтап қалу жобасы аясында аудандағы экологиялық ахуалдың жақсарып келе жатқандығы да айтылған.
– Сырдарияда қазір су көлемі ұлғайған. Жазғы уақытта су көлемі азайған еді. Дарияның бетінде шағын, ашық, құрғақ жерлер көрініп тұр. Қазір Сырдария арнасы тазартылуда. Биыл жұмысты бастадық. Бұл жұмыс бірнеше жылға созылады. Келесі жылы – негізгі жұмыс. Өздеріңіз білесіздер, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолдауымен Сырдария арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау жобасы жүзеге асырылды. Бұл жоба өте сәтті болды. Белгілі бір нәтижелер бар. Мысалы, осы жобаға дейін Арал теңізінде экологиялық жағдай нашарлап, балық аулау деңгейі төмен болды. Жылына бар болғаны 400 тонна. Қазір балық аулау жылына 8 мың тоннаны құрайды. Арал маңында 9 зауыт салынды. Қазір балық өңделеді, жартысынан астамы экспортталады. Жұмыс жақсы жүруде. Сондықтан, Сырдарияны реттеудің екінші кезеңін іске асыру және Арал теңізінің солтүстік бөлігін ұлғайту міндеті тұр, – деді аймақ басшысы журналистің тұспалды сұрағына.
Расында, аудандағы экономикалық, экологиялық жағдай ғасырлық жоба жүзеге асқалы жақсара бастады. Теңіз өнімдерін құрайтын өнім қуаты да еселеніп, халықтың жағдайы жақсара бастады. Бұл – әрбір аралдықтың көз алдында болып жатқан жетістіктер.
«Толқын» ақпарат
27 қазан 2020 ж. 488 0