Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бибіткүл Кәрімова: «Nur Otan» алдағы міндеттерді нақтылады

Бибіткүл Кәрімова: «Nur Otan» алдағы міндеттерді нақтылады

Бүгін «Nur Otan»партиясының кезектен тыс XX съезі өтті. Онда партияның сайлауалды бағдарламасы қабылданып, елдің таяу жылдары қалай дамитыны айқындалды.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бағдарламаның елдің әлеуметтік прогресіне және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тиімді нақты шаралар кешенін ұсынатынын атап өтті.
Мәселен, өңірлік медицинаны дамыту үшін еліміздің барлық облыстарында 20 заманауи медициналық орталық салынады. Дәрігерлердің жалақысы 2023 жылға қарай 2,5 есе өседі. Басты мақсат – қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа дейін арттыру.
Сондай-ақ, отандық білім беруді дамытуға көп көңіл бөлінді. Педагог кадрларға сұранысты арттыру және білім беру сапасын жақсарту үшін олардың жалақысы екі есеге артады. Ал 2025 жылға қарай жоғары білім алуға берілетін гранттар саны 50% – ға артады. Бұл партия алдағы бесжылдықта жүзеге асыруды жоспарлап отырған міндеттердің барлығы емес.
Бірақ мұның бәрі шындыққа айналуы үшін, біз де жоспарымыздың лайықты орындалуын қамтамасыз ету үшін белсенді болуымыз керек.
Бибіткүл КӘРІМОВА,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ректоры
Съезд делегаты
kyzylorda-news.kz
25 қараша 2020 ж. 329 0