Сыбайлас жемқорлықпен күрес: Call орталыққа 25 мыңнан астам хабарлама түсті
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы Нұрлан Жақсымбетов 1424 Call орталығы қызметінің биылғы 10 айындағы қорытындысын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Соңғы уақытта өз жұмысын тәулік бойы жүзеге асыратын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Call-орталығы үлкен сенімге ие болып отыр. Осы орайда биылғы10 айында Call-орталыққа 25 мыңнан астам қоңырау шалынды, бұл олардың өткен жылғы санынан 12 пайызға артық (22 284). Оның ішінде 5,3 мыңға жуық қоңыраудың маңызы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің құзыретіне жатады», – деді Н. Жаұсымбетов онлайн брифингіде.
Оның айтуынша, сыбайлас жемқорлық фактілері 806 өтінішті қамтиды, оның ішінде 633 өтініш бастапқы тексеру аясында қаралады. Сонымен қатар, 75 өтініш немесе қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар 11 пайызы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді, олардың нәтижелері бойынша 13 айыптау үкімімен 21 қылмыстық іс сотқа жолданды.
«Алматы қаласы Медеу аудандық сотының үкімімен Полиция басқармасының анықтаушысы қылмыстық істі тоқтатқаны үшін 26 800 АҚШ доллары сомасында пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Ол өтініш беруші Call-орталыққа жүгінгеннен кейін ұсталды», – деді департамент басшысы.
Оның сөзіне қарағанда, шағымдар полиция қызметкерлерінің (232), жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің (153), білім беру (158) және денсаулық сақтау (136) қызметкерлерінің және басқа да салалар өкілдерінің әрекеттеріне келіп түседі.
kyzylorda-news.kz«Өтініштердің көпшілігін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмағаны, кедергісіз жүріп өткені, сондай-ақ анықтамалар, жүргізуші куәліктері, дипломдар бергені, мүгедектікті, жәрдемақыларды ресімдегені, жұмысқа орналастырғаны және басқа жағдайлар бойынша параны қорқытып алу фактілерін құрайды. Өңірлер бөлінісінде өтінішпен жүгінгендер саны бойынша оңтүстік және орталық өңірлер көш бастап келеді. Осы орайда Түркістан облысы (102), Алматы қаласы (86), Алматы облысы (85), Шымкент қаласы (45), Қарағанды облысы (44), Нұр-Сұлтан қаласы (43) және Жамбыл облыстары (42)», – деп түсіндірді агенттік өкілі.