Қызылордада адам саудасына қатысты 6 дерек тіркелді

«Полиция органдарының адам саудасына қарсы күрес желісі мәліметі бойынша жыл басынан бері 5 жеңгетайлық және 1 бас бостандығынан заңсыз айыру қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар, облыс аумағында адам саудасымен байланысты қылмыстарды ескерту, жолын кесу, анықтау және ашу бағытында құзырлы органдарымен бірлескен жедел-іздестіру іс-шараларын өткізудеміз. Яғни, адамдарды еңбекке қанау мақсатында заңсыз бостандығынан айыру деректерін анықтау, жолын кесу бағытында облысымызда 3671 шаруа қожалықтың 2876-сы тексерілді», – деді Төреахмет Сайлаубайұлы.
Мәжбүрлі еңбек пен адам саудасының құрбаны болмау үшін, миграция қызметіне тіркелу, кез-келген қызметті жасамас бұрын келісім-шарт жасасу, жұмысқа қабылдаушы ұйым мен тұлғалар жайлы хабардар болу, еңбек шартын жасасу, бөтен тұлғаларға ешқашан жеке куәлік пен өзге де жеке құжаттарды бермеу өте маңызды екенін ескерген жөн.
kyzylorda-news.kz