Қызылордада 81 633 адам біржолғы төлем алды

Өтінімнің ішінде 36120-сы проактивті форматта , яғни ешқандай өтініш тапсырмай-ақ бұрынғы мәліметтердің негізінде СМС арқылы расталып, көмек алды. Сондай-ақ, қалалық және аудандық штабтардың қаралуына 15201 өтінім түсіп, оның 7822-сі қабылданып, 6833-нің өтінім кері қайтарылған.
Шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда 42500 теңге көлеміндегі біржолғы төлемді тағайындауға өтінішті жұмыс беруші береді.«Өтінімнің кері қайтарылу себебі: бас санитарлық дәрігердің қаулысында көрсетілген шектеулерге сәйкес кәсіпорын, мекемелердің қызметі 5 шілдеден бастап тоқтатылмаған. Бұл мәліметтердің барлығы салық органдарының жүйелері арқылы тексерілді. Сонымен қатар, өтінім беру барысында мәліметтерді (реквизит, есеп шоттар, жұмысшылардың ЖСН) дұрыс енгізбеген»,-деді Талғат Тұрсынұлы.
kyzylorda-news.kz«Жұмыс беруші көрсетілген төлемді тағайындау қағидаларының талаптарын сақтамаған жағдайда қызметкер еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға жүгінуге құқылы»,-деді облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасының басшысы Төреахмет Сайлаубайұлы.