Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Кімдер 42500 теңгелі жәрдемақы ала алмайды? Мұның себебі неде?

Кімдер 42500 теңгелі жәрдемақы ала алмайды? Мұның себебі неде?

Қазақстанда ТЖ режимі кезінде табысынан айырылған азаматтарға әлеуметтік көмек ретінде берілетін 42500 теңге қандай жағдайда тағайындалмайтыны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Төтенше жағдай (ТЖ)кезінде табысынан айырылуы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) әлеуметтік төлем тағайындаудан бас тартуға түрткі болатын негізгі себептердің қатарында өтінімдердің қайталануы, МӘСҚ тарапына міндетті әлеуметтік аударымдардың (МӘУ), міндетті зейнетақы жарналарының (МЗЖ) және де бірыңғай жиынтық төлемнің (БЖТ) жасалмауы тұр.
Соңғы деректерге сүйенсек, МӘСҚ тарапынан төлемге азаматтар жолдаған өтінімдерді қарастыру барысында келесі жайттар анықталып отыр:
- өтінімдердің қайталануы – 1 042 842;
- тұрақты жалақы төленетін жұмысы бар (оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері); зейнетақы мен жәрдемақыларды алушылар (ТЖ енгізілгенше ресми жұмыс істемегендер) – 521 365;
- өтінім беруші бойынша ТЖ енгізілгенше соңғы 12 айда МӘУ/БЖТ/МЗЖ немесе өтінім берген уақытқа дейін БТЖ табылмады (бейресми өзін жұмыспен қамтушылар тұрғысында) – 1 053 383;
- жұмыс берушінің БСН/ЖСН дерегі, өтінім берушінің ЖСН дерегі көрсетілмеген немесе бұрыс көрсетілген –  63 222;
- өтінім Қазақстан аумағынан тыс жерде тұратын немесе марқұм болып кеткен адамның атынан берілген – 378.
Осылайша, барлығы, ТЖ кезінде табыстан айырылу бойынша МӘСҚ тарапынан әлеуметтік төлем тағайындау ережесіне қатысты қателер мен сәйкессіздіктер жіберілген 2 681 198 өтінім анықталды.
Еске сала кетейік МӘСҚ тарапынан әлеуметтік төлемге өтінім беруші азаматтар, ұсынылатын деректердің шынайылығына жауап береді.
https://stan.kz/
14 сәуір 2020 ж. 907 0